Ақтөбеде әкімнің міндетін атқарушы тағайындалды

Сурет: Facebook/Айдос Хамиев
7 маусымда Ақтөбе қаласы әкімінің міндетін атқарушы болып Айдос Хамиев тағайындалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айдос Хамиев 1985 жылы Ақтау қаласында  дүниеге келген.

Білімі жоғары, Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін азаматтық, өнеркәсіптік құрылыс және қала шаруашылығы мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын "Бисентин" ЖШС құрылыс уческесінің мастері, жұмыс өңдірушісі болып бастаған. Маңғыстау облысының мемлекеттік құрылыс инспекторы, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы, Солтүстік-Қазақстан облысы, Жамбыл және Ақмола облыстарының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі, Маңғыстау облысының құрылыс және энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларында жетекші ретінде тәжірбиесі бар.

2023 жылғы қаңтардан бастап Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті