Тоқаев Германияның Федералды президентін шығарып салды

Сурет: akorda.kz
2023 жылғы 21 маусым күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді әуежайдан шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Германияның Федералды президентін әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты, деп жазды Ақорданың Telegram арнасы.

Сурет: akorda.kz

Франк-Вальтер Штайнмайердің сапары одан әрі Маңғыстау облысында жалғасады.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылғы 19 маусым күні Қазақстанға Германияның федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мемлекеттік сапармен келді. Сапар аясында екі мемлекет басшылары Қазақстан-Германия стратегиялық серіктестігін нығайту мәселелері бойынша келіссөз жүргізді.

Германияның Федералды президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында мынандай құжаттарға қол қойылды:

  1. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  2. ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық экономика және климат министрлігі арасындағы Қазақстаннан кәсіпорындар басшыларының біліктілігін арттыру жөніндегі ынтымақтастық жөніндегі ниеттер туралы бірлескен мәлімдеме;
  3. Ұлттық геологиялық қызмет пен федералдық геологиялық ғылымдар және табиғи ресурстар институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  4. Жамбыл облысы әкімдігі мен «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС арасында гипсокартон парақтары мен құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт салу жөніндегі жобаны іске асыру туралы келісім;
  5. Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтын құру туралы келісім;
  6. «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мен «Rhenus SE & Co.KG» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  7. «DВ Engineering & Consulting GmbH» және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ арасындағы жолаушылар тасымалы және көлік-логистика саласындағы әріптестікті дамыту туралы келісім;
  8. «Siemens» технологиясы бойынша ҚР энергетика саласы үшін кернеудің орта класты тарату құрылғыларының өндірісін оқшаулау туралы шарт;
  9. Сирек жер металдар қазбаларына геологиялық барлау және оларды қайта өңдеу жөніндегі бірлескен қызмет туралы келісім.

Қазақстан
Астана
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды