Энергетика министрі биыл қай энергетикалық кәсіпорындар жөнделетінін айтты

Сурет: Zakon.kz
Биыл электр желілерінде жалпы ұзындығы шамамен 25,3 км электр беру желілерін, 567 кіші станцияны, 3,5 мың тарату пунктін және трансформаторлық кіші станцияларды күрделі жөндеу жоспарланған. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Министр алдағы жылыту кезеңінде қауіпті аймаққа енгізілген энергетикалық кәсіпорындар анықталғанын қоса кетті. Оның сөзінше, меншік иелері тарапынан жөндеуді қаржыландырудың болмауына байланысты Әкімдік, Өскемен жылу желілері және Риддер жылу электр орталығы акционерлік қоғамының арасында станцияда жөндеу жүргізуді ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылды.

"Қазір мердігер ұйымдар барлық 6 қазандық бойынша жөндеуді бастады. Сонымен қатар қажет материалдар сатып алынады, құбыр өнімдері жылу электр орталығына әкелініп жатыр. Сонымен бірге жылу желілеріне жөндеу жүргізіліп жатыр". Алмасадам Сәтқалиев

Энергетика министрі сонымен қатар Қаржы министрлігімен бірлесіп Қазақстан үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізіп жатқанын мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы