Қала билігі "Шымкент әкімі ауысты" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Сурет: gov.kz
Шымкент әкімдігі мегаполис әкімі Мұрат Әйтеновтің ауысқаны туралы ақпарат жалған екенін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пікір қала әкімдігінің Instagram-дағы парақшасында 24 шілде күні жарияланды.

"Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы әкімінің ауысатыны туралы жалған ақпараттар жарияланып жатыр. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Сонымен қатар қазір қала әкімі Мұрат Әйтеновтің лауазымдық қызметінде екенін хабарлайды", - делінген әкімдік хабарламасында.

20 шілдеде Шымкентте қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ұсталды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, ол сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, барлық қажет жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр. 21 шілдеде мегаполистің мамандандырылған тергеу соты әкімнің орынбасары Исаховқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы