Оқу жылының ұзаратыны туралы шешім әлі қабылданған жоқ – Ғани Бейсембаев

Сурет: pixabay
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев балалар алдағы оқу жылында қанша апта оқитынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғани Бейсембаев оқу жылының ұзақтығы туралы әлі түпкілікті шешім қабылданбағанын айтты.

"Қазір министрлік түпкілікті шешім қабылдаған жоқ. Бірақ талапқа сай, ата-аналар қауымдастығымен талқылау жүргізіліп жатыр. Сарапшылар мен ғалымдар шешім қабылдады. Олар 36 аптаны (яғни, 1 маусымға дейін - ред.) қалдыруды ұсынып отыр", - деді министр.

Оның айтуынша, енді бұл ұсынысты республика бойынша ата-аналар мен ұстаздар арасында талқылау қажет болады.

"Қазір біздің мамандар өңірлерді аралап, ата-аналармен, балалармен, мұғалімдермен кездесіп, соңғы шешімнің қандай болатынын талқылап жатыр", - деп түйіндеді Оқу-ағарту министрі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті

Заң мен Тәртіп: Әділ қоғам негізі – қаржылық қауіпсіздік және құқықтық мәдениет

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

Павлодарда баласын азаптап өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі