Енді азаматтар тұрғылықты жерін ауыстырғанда әскери комиссариатқа автоматты түрде тіркеледі

Сурет: Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Қазақстан армиясын цифрландыру аясында Қарулы Күштер мен мемлекеттік органдардың деректер базасы біріктіріліп жатқанын айтты. Енді азаматтар тұрғылықты жерін ауыстырған кезде жаңа военкоматқа тіркелудің қажеті жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің орынбасары атап өткендей, ведомство "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп Zhanger.kz жүйесін әзірледі. Ол қазірдің өзінде құрылды, тест жұмыстары және мәліметтер базасымен интеграциялау жүргізіліп жатыр.

"Ел ішінде тұрғылықты жерін ауыстырған кезде азаматтарды тіркеу және әскери есептен шығару қызметтерін тестілеу жалғасып жатыр. Жыл сайын 300 мыңға жуық адам бір жерден екінші жерге қоныс аударады. Олар отбасылық жағдайға байланысты басқа жұмысқа орналасып жатады. Бір Әскери комиссариаттағы есептен шығып, басқа әскери комиссариаттың тіркеуіне тұру үшін біраз уақыт керек, жүгіру керек. Адам бұл мекемелерге бірнеше рет баруы керек. Біз қажет мәліметтер базасы арқылы интеграция әзірледік".Дархан Ахмедиев

Оның айтуынша, жүйе адам тұрғылықты мекенжайын өзгерткен кезде көрсетіледі. Бұл адамды жаңа жердегі шақыру кестесіне автоматты түрде бекіту үшін жеткілікті болады.

"Біз оның әскери комиссариаттағы дерегін автоматты түрде өзгертеміз. Еенді адамға жеке өзі барып, жаңа әскери комиссариатқа тіркелудің қажеті болмайды".Дархан Ахмедиев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Аптап ыстық басылып, жаңбыр жауады: 18 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бірыңғай QR: қазақстандықтарға жаңа сервистер қолжетімді болады

Абай облысында үш учаскеде табиғи өрт сөндіріліп жатыр