Алматыдағы 206 мемлекеттік мектеп пен 8 интернатқа қауіпсіздік жүйесі орнатылмақ

Жүйені құрудың мақсаты – Алматы қаласының білім беру мекемелерінде қоғамдық қауіпсіздік деңгейін, құқықтық тәртіпті арттыру, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда 206 мемлекеттік мектеп пен 8 интернатты қолжетімділікті бақылау жүйесімен жарақтандыру бойынша кешенді қауіпсіздік жүйесін енгізу жоспарланған. Олар - турникеттер, бейнебақылау камералары, дабыл түймелері, өрт қауіпсіздігі жүйесі және тағы басқа. Жоба осы жылға жоспарланған. Кешенді қауіпсіздік жүйесі – бірқатар ішкі жүйелері бар орталықтандырылған жүйе. Ол дегеніміз - бейнебақылау, кіруді бақылау және басқару, екі жақты байланыс, қауіпсіздік және өрт дабылы.

Ол бейнебақылауды және тіркелген құқық бұзушылықтар мен қауіпсіздік жай-күйі туралы шұғыл қызметтерді уақытылы хабардар етуді, ММ-де қауіпсіздікті ұйымдастыру және қолдау жөніндегі шешімдерді қалыптастыру үшін қолда бар жедел ақпаратқа талдау жүргізуді қамтиды.


"Бейнебақылау камераларының функционалдығы жоғары сапада және суреттерді егжей-тегжейлі түсіруге мүмкіндік береді. Деректер интернет желісі арқылы серверге, дербес компьютерге немесе кез келген басқа да құрылғыға беріледі. 30 метр қашықтықтағы инфрақызыл жарықтандырудың арқасында түнде түсіру мүмкіндігі бар. Бейнекамералардан алынған жазбаларды 30 күн бойы сақтауға болады". Алматы әкімдігі

Әкімдіктің хабарлауынша, бүгінде оқу орындарында барлығы 6 739 камера орнатылған, оның 4193-і мектептің ішінде, ал 2546-сы сыртқа қойылған. Сонымен қатар мемлекеттік мектептің барлығы мамандандырылған күзет қызметкерін шақыру мүмкіндігі бар дабыл түймесімен жабдықталған.

Қазір Алматының 459 мемлекеттік білім беру ұйымы 16 299 камерамен жабдықталған. Олардың ішінде 193 балабақша 7 344 камерамен жабдықталған. Әрі 15 интернаттық мекемеде 277 камера және 20 колледжде 1503 камера орнатылған. Барлығы 459 білім беру ұйымында 678 дабыл түймесі орнатылды. Ал мамандандырылған күзетпен 254 білім беру ұйымы қызмет көрсетеді.


Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: