Президент провинциялық комитеттің хатшысы Нгуен Ань Туанмен кездесті

Сурет: akorda.kz
Президент провинциялық комитеттің хатшысы, Ұлттық жиналыстағы Бакнинь провинциясы депутаттары делегациясының басшысы Нгуен Ань Туанмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Вьетнамның өңірлері арасындағы байланыстарды дамыту перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Вьетнамның және бүкіл Оңтүстік Шығыс Азияның интеллектуалдық-өндірістік хабы саналатын Бакнинь провинциясымен тығыз қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін айтты.

Президент өңіраралық жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында Бакнинь провинциясы мен Қазақстан өңірлерінің бірі арасында бауырластық қатынас орнатуды ұсынды.

Сонымен қатар әңгімелесу барысында инвестиция тарту, инновацияны дамыту, арнаулы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыстары, аса маңызды шикізат материалдары мен жартылай өткізгіштерді өндіру мәселелері қарастырылды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған