Тоқаев: Тәжікстанмен арадағы сауда-саттық көлемін 2 млрд долларға дейін арттыру жоспарланған

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның мамыр айында Қазақстанға сапары кезінде қол қойылған Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларацияның сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысы тәжік тарапымен болған кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында мәлім етті, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің айтуынша, биыл 6 айда қос елдің арасындағы тауар айналымы 500 миллион доллардан асқан. Бұл ретте өзара сауда-саттық көлемін 2 миллиард долларға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Айта кетсек, 24 тамызда Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.


Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Тәжікстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды