Тоқаев адам құқықтарын қорғау жүйесі өкілдерінің алдына бірқатар міндеттер қойды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесіп, басты міндеттерге тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz

Президенттің сөзінше, барлық түйткілді бағыттар бойынша проактивті түрде жұмыс жүргізу қажет. Азаматтардың құқығының бұзылуына жол бермеу және алдын ала болжау тетігін жетілдіру керек. Көп жағдайда бұл міндеттің табысты орындалуы азаматтық қоғаммен тығыз қарым-қатынас жасауға байланысты.

"Құқық қорғау институттары өз төңірегіне сарапшыларды, үкіметтік емес ұйымдардың мамандарын шоғырландыруға тиіс. Сіздер мен құқық қорғау қауымдастығы арасында ашық диалог дамуы керек. Қазір осындай серіктестіктің жетіспейтіні байқалады. Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия реформалар барысына баға беру үдерісіне түрлі сарапшыларды белсенді түрде қатыстыруы керек." Мемлекет басшысы

Халықаралық құрылымдармен өзара қарым-қатынас жасаудың, сондай-ақ еліміздегі адам құқықтарының жай-күйін бағалау үшін серіктестер қолданатын көрсеткіштерді өз тәжірибемізге енгізудің маңызы зор. Комиссия мүшелерін барынша жұмылдыра отырып, бұл бағыттағы жұмысты күшейткен жөн,- деп пікірін білдірді президент. 

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады