Тоқаев жаңа сауда министріне қандай міндеттер жүктеді

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 4 қыркүйек күні Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент қазақстандық экспорт үшін жаңа өткізу нарықтарын қарастыру барысында министрлік белсенді жұмыс істеуі қажет екеніне назар аударды, деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысы халықаралық нарықтарда ұлттық экономикалық мүддені қорғау, импортпен орнықты бәсекелестікті қамтамасыз ету және отандық тауар өндірушілерді қолдау қажеттігін айтты", делінген хабарламада.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы серіктестерімен арадағы тауар айналымын арттыру және экономикалық сын-қатерлерге орай шұғыл әрекет ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі болып 2023 жылғы 2 қыркүйек күні тағайындалды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін