Жаңалықтар тізбегі
0

Арман Шаққалиев - Сауда және интеграция министрі

Арман Шаққалиев Сурет: gov.kz
Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ол бұған дейін  ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Арман Шаққалиев 1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Л.Гумилев атындағы Еуразия университетін ("заңгер" мамандығы), Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін ("экономист" мамандығы), М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін ("Стандарттау, сертификаттау және метрология"мамандығы) бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1998 жылы Астана және Ақмола облысы бойынша "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі" ААҚ заң кеңесшісі болып бастаған.

  • 2001 жылдан 2004 жылға дейін кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігінде, Қазақстан мемлекеттік кірістер министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
  • Техникалық реттеу жүйесінде 2004 жылдан бастап "Қазақстан метрология институты" РМК директоры болып жұмыс істей бастады.
  • 2008 жылдың маусымынан 2016 жылдың сәуіріне дейін "Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарды.
  • 2016-2018 жылдары-Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры.
  • 2018-2019 жылдары - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы.
  • 2019 жылдың тамызынан 2020 жылдың қыркүйегіне дейін - ҚР сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы.
  • 2020 жылғы қарашадан 2022 жылғы қазанға дейін-Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі, ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі болды.
  • 2022 жылғы қазаннан қазірге дейін (2023 жылғы 2 қыркүйек) Сауда және интеграция бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Құрмет" орденінің иегері.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз