Депутат: Семейдегі өрттен кейін тек орман шаруашылығын басқаратындардың жалақысы көтерілген

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев экс-экология министрі Зүлфия Сүлейменованың 1 шілдеден бастап орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы уәдесінің қалай орындалғанына қарап, ашуланды. Негізі бұл өсім тек басшылыққа қатысты болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгінгі депутаттық сауалыма оттан көйлек киіп жүрген жанкешті азаматтардың жанайқайы себеп. Үлкен жұмысты кішкентай жалақыға атқаруға мәжбүр азаматтарды қазынаның қазанына жолатпау үшін үкімет барын салып жатқандай. Сөзіме дәлел, Абай облысында орман өрті болып ондаған азаматымыздан айрылған соң Экология министрі "орманшылардың жалақысы 1 шілдеден бастап өседі" деп ақтарылып сөйледі. Күн сайын өмірін болмашы жалақы үшін бәйгеге тігіп жүрген мамандар қуанды. Бірақ қуаныштары ұзаққа бармады. Себебі үкімет бұл саладағы қызметкерлердің тең жартысын "ұмытып кеткен". Нартай Сәрсенғалиев

1 шілдеден бастап жалақысы өскендердің санатына "Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі" мекемелердің директоры, директордың орынбасары, орман өртін сөндіру станциясының басшысы, аңтанушы, орманшылық басшылары сынды бірқатар мамандары кірген. Депутаттың сөзінше, осы мекемедегі өрт сөндіру станциясының сарбаздары, трактор жүргізуші, автокөлік жүргізуші, өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі, тұқымбақ жұмысшылары, радио байланыс операторы, автокөлік жөндеуші, ағаш құлатушы, қарауылшық (сторож), кіші қызметкер (техничка), бас есепші, экономист, есепші-кассир, заңгер, механик, шаруашылық меңгерушісі, кадр маманы, іс жүргізуші лауазымдарындағы қызметкерлердің айлығына көк тиын да қосылмаған.

"Үкімет тағы біреуді ұмытып кетпесін деп әдейі бүкіл қызметтің атауын тізім шықтым. Мысалы, БҚО-ғы орман шаруашылығында қызмет ететін өрт сөндірушілер 70 мың теңге айлық алады, одан салық ұсталады. Алматы облысындағы орманшыларда да осы жағдай. "Орманшылардың жалақысын өсіреміз" деген бастама айналып келгенде ұжымдарды екіге бөліп тастады". Нартай Сәрсенғалиев

Депутат Экология министріне хат жолдағанда "жалақысы өспеген мамандарға жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылсын" деген жауап алғанын айтты. Сонымен қатар орман шаруашылығындағы техникалардың әбден тозғанын да қоса кетті.

Сауалын жолдай келе депутат мына ұсыныстарды атады:

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: