Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Президенті Каталин Новакпен кездесті

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының аясындағы екіжақты келіссөздер бағдарламасы Мажарстан Президенті Каталин Новакпен кездесуден басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы бауырлас халықтар арасында тарихи және мәдени байланыстарға негізделген стратегиялық серіктестік орнағанын атап өтті.

Президент Мажарстанның түркі ынтымақтастығын нығайтудағы белсенді ұстанымын және елеулі үлесін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қараша айында Қазақстанда Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық 10-саммиті өтетінін айтып, аталған жиынға Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан қатысады деп жоспарланып отырғанын жеткізді.

"Еліміздің Мажарстанмен тығыз ынтымақтастық орнатқанын атап өткім келеді. Елдеріміз арасында өте сенімді, дәстүрлі байланыс қалыптасқан. Біз екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі деңгейін жоғары бағалаймыз. Осы сәтті пайдаланып, Сізді Қазақстанға сапармен келуге шақырамын. Сонымен қатар Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Премьер-министр Виктор Орбан мырзамен кездесеміз деп үміттенемін".  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы байланыстарды нығайту мақсатында Астана көшелерінің біріне Мажарстанның ұлт ақыны Шандор Петефидің есімі берілетінін айтты.

Президенттер мемлекеттеріміз арасындағы өзара тауар айналымын ұлғайтуға бағытталған бірлескен шаралар қабылдау, сондай-ақ ынтымақтастықтың екіжақты тетіктерін жандандыру маңызды екенін атап өтті.

Тараптар халықаралық мәселелер, оның ішінде жаһандық тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін көпжақты институттардың жұмысын жетілдіруге қатысты шаралар жөнінде пікір алмасты.


Алдында Мемлекет басшысы Rio Tinto компаниясының бас атқарушы директоры Якоб Штаусхольмді қабылдағаны хабарланған. Кездесу барысында геологиялық барлау, тау-кен және металлургия өнеркәсібінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

АҚШ
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр