Тоқаев Украинадағы жағдай бойынша тараптар нақты келіссөздерге кірісуі қажет екенін айтты

Сурет: akorda.kz
"С5 + Германия" диалогының отырысында Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Украинадағы дағдарыс жайында сөз қозғады, отырысқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, осы мәселе жөнінде пікірн ортаға салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, жиында Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Украинадағы дағдарыс Еуропаның, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етеді деген пікір айтты.

"Қасым-Жомарт Тоқаев бұған жауап ретінде өзара тиімді бейбіт шешімдер іздеуге бағытталған салиқалы дипломатия қажет екенін тағы да мәлімдеді. Мемлекет басшысы тараптардың нақты келіссөздерге кірісуі қажет екеніне назар аударды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ отырыста Қазақстан президенті Орталық Азия елдері мен Германия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту қажет екеніне тоқталды.

Сурет: akorda.kz

Атап айтқанда, мемлекет басшысы ғылым және білім салаларындағы бірлескен жобаларды, неміс тілін оқыту бағдарламаларын іске асыруды қолдады.

Сонымен қатар кездесуде Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов сөз сөйледі.

Германия
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды