Тоқаев Қазақстандағы стратегиялық көлік жобаларының іске асырылу барысы туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIII консультативтік кездесуінде Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамыту бүкіл өңірдің транзиттік әлеуетін күшейтетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2026 14:10 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIII консультативтік кездесуінде Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамыту бүкіл өңірдің транзиттік әлеуетін күшейтетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы өңір елдерінің шекара маңында құрылған сауда-логистика кешендері мен өнеркәсіп кооперациясы орталықтары ынтымақтастыққа мол мүмкіндік ашатынын атап өтті.

"Қосылған құнның өңірлік тізбегін құру үшін жақын арада оларды бір-бірімен байланыстыру қажет. Жалпы, елдерімізде инвестиция, энергетика, өндіріс салалары мен басқа да стратегиялық бағыттарда өзара ықпалдастыққа жағдай жасалған", – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан көлік инфрақұрылымын дәйекті түрде дамытып келеді. Бұл өңірлік байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді.

"Мойынты – Қызылжар және Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілерінің құрылысы аяқталуға таяу. Келесі жылы Бақты – Аягөз бағыты ашылады. Бұл – өте маңызды, тіпті стратегиялық сипаты бар бағдарлар. Қытайды Каспий теңізімен және Еуропа нарығымен байланыстыратын Арал – Каспий магистралінің құрылысы басталды", – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстанның көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту тұтас аймақтың транзиттік рөлін күшейтетініне сенім білдірді.

"Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға баса мән беріледі. Соңғы жылдардың динамикасы Орта дәлізге сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді. Ресеймен ынтымақтастық тұрғысынан Солтүстік – Оңтүстік бағыты да Қазақстан үшін өзекті", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: