Тұрғындарды балағаттаған әкім: Олжас Нұрмағамбетов қызметінен босатылды

Сурет: Instagram/olzhas_nurmagambetov01
2023 жылы 2 тамызда желі арқылы есеп берген Шучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетовтың басы дауға қалған болатын. Есептен соң "тікелей эфир бітті" деп ойлаған әкім кадр сыртында балағат сөз айтады. Артынан ақталып ел алдына шыққан әкімге сөгіс те жарияланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 2 тамызда аталған әкімнің қызметінен босатылғаны белгілі болды. Бурабай ауданының әкімдігі бұл ақпаратты растады:

"Бурабай аудандық территориялық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 2 қазандағы шешімі негізінде Бурабай ауданы әкімінің 2023 жылғы 2 қазандағы өкімімен Бурабай ауданы Щучинск қаласының әкімі Олжас Байболатұлы Нұрмағамбетовтің өкілеттігі тоқтатылды. Щучинск қаласы әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы шешім О. Б. Нұрмағамбетовтың жеке өтініші негізінде қабылданды".

Бүгін аудан әкімі А.С. Садықов Олжас Байболатұлына Щучинск қаласының дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін алғыс хат табыс етті.

Айта кетсек, 2 тамызда Instagram желісі арқылы есеп беріп болған Шучинск қалысының әкімі Олжас Нұрмағамбетов сұрақ-жауап айдарына кезек келгеніне қарамастан орнынан тұрып кетеді. Дегенмен тікелей эфир жүріп жатады. Одан эфирді жүргізуші қыз кадрдан тыс "азаматтардан келіп түскен сұрақтарға жауап бермейсіз бе" деп сұрайды. Сонда әкім: "сұрақтарын бір жеріне тығып қойсын" деп жауап береді. Осыдан кейін әкім ақталып, желіге қайтадан тікелей эфирге шыққан. Ақырында оған қатаң сөгіс жарияланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты