Қазақстан азаматтары Италия визасын ала алмай, басы даң: СІМ түсініктеме берді

Сурет: pixabay
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Италья визасын ала алмай, сарсылып жүрген қазақстандықтардың мәселесіне қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, олар Италия елшісін министрлікке бірнеше рет шақырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Италия визасын алушы қазақстандықтар кейде екі-үш айлап күтуге мәжбүр екенін атап өтті. Оның ішінде Италияда оқуы басталып кеткен студенттер де бар.

"Біз бірнеше рет итальян консулы мен елшісін СІМ-ге әңгімеге шақырдық. Алматы мен Милан арасына тікелей рейстер қатынайды, жолаушылар көп. Бұрын Италия елшілігіне виза бойынша бір жекеменшік компания қызмет көрсеткен. Елшілік олармен арадағы келісімшартты бұзып, құжаттарды мұқият және жылдам өңдейтін басқа компанияны жалдады. Солай болуы керек, итальяндық дипломаттар бізге осылай айтты. Менің ойымша, жақын арада мәселе шешіледі". Айбек Смадияров

Айта кетсек, қыркүйек айында Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Тайани Қазақстан азаматтарының Италия визасын алу процесін жеңілдетуді уәде еткен.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді