Смайылов: "АрселорМиттал Теміртауды" Қазақстан пайдасына беру рәсімі аяқталу сатысында

Сурет: primeminister.kz
Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов мемлекет басшысы Костенко шахтасында кеншілердің қаза болуына байланысты тергеу жұмысын жүргізіп, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырғанын еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осындай апат биыл тамыз айында да болған деді премьер-министр. Ол кезде 5 шахтер қаза тапты.

"Көптеген адам өліміне әкеп соққан апат өндірістегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауымен тікелей байланысты. Бұл – бірінші кезекте, кәсіпорын басшылығының кінәсі. Олар компания жұмысынан өзін шеттетіп тастаған. Мұндай әрекетсіздіктің салдары бірнеше жыл бойы қайғылы жағдайларға әкеп соғып жатыр. Компания өз міндеттемесін орындаған жоқ. Қазір "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын Қазақстанның пайдасына беру рәсімдері аяқталу сатысында". Әлихан Смайылов

Комиссия апаттың себептерін жан-жақты тексеріп, оған кінәлі адамдарды анықтауды жалғастырады. Қарағанды облысының әкімдігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі апатты жою жөнінде шаралар қабылдауға тиіс.


"Ең бастысы – қаза тапқандардың отбасыларына барлық көмекті көрсетіп, зардап шеккендердің денсаулығын қалпына келтіру. Осындай қиын жағдайда ешкім де назардан тыс қалмайды", - деді Әлихан Смайылов.
Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды