Қазақстандықтар алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімін сайлады

Сурет: Zakon.kz
ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 6 қарашада өткен аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдері сайлауының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 қарашада Мемлекет басшысының бастамасымен алғаш рет пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтті. Өкілеттіктерге сәйкес облыстардың мәслихаттары осы сайлауды өткізу үшін 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қаланың тізбесін бекітті.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 1553 сайлау комиссиясы жұмылдырылды:

"Сайлау балама негізде өтті. Сайлау бюллетеньдеріне 125 кандидат енгізілді. Сайлаушылардың келуі – 62,79 %. Сайланған әкімдердің орташа жасы – 46,7 жас".Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі

ОСК Сайлау науқаны республиканың сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өткенін, дауыс беру күні Қазақстан Республикасының 8500-ге жуық кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, байқаушылары мен БАҚ өкілдері бақылағанын атап өтті.

"Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы осы сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтық сайлау комиссияларына әдістемелік басшылықты, сондай-ақ олардың қызметінің сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін бақылауды іске асырды".Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі

Орталық сайлау комиссиясы интернет-ресурсында 17 өңірдегі сайлау қорытындылары бойынша мынадай жалпылама ақпаратты ұсынады:

1.Абай облысы

2.Ақмола облысы

3.Ақтөбе облысы

4.Алматы облысы

5.Атырау облысы

6.Батыс Қазақстан облысы

7.Жамбыл облысы

8.Жетісу облысы

9.Қарағанды облысы

10.Қостанай облысы

11.Қызылорда облысы

12.Маңғыстау облысы

13.Павлодар облысы

14.Солтүстік Қазақстан облысы

15.Түркістан облысы

16.Ұлытау облысы

17.Шығыс Қазақстан облысы

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды