Тоқаев ҚР Ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады

Айдос Рысбаев ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Какашаұлы Рысбаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.

Айдос Рысбаев 1974 жылы 11 наурызда Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында дүниеге келген.

1996 жылы Ақмола университетін, 2005 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.С. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын тәмамдаған. Білімі бойынша мамандығы: заңгер

1996 жылдың қараша айынан бастап 1997 жылдың қазан айына дейін Қарулы Күштер қатарында болған;

Ақмола қаласы ІІБ Шығыс полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімше инспекторы, Астана қаласы ІІБ "Алматы" ауданы ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі, Астана қаласы ҚІІБ "Алматы" ауданы ІІБ тонау және қарақшылықты ашу бөлімшесінің жедел уәкілі, Астана қаласы ҚІІБ "Алматы" ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, Астана қаласы ІІД "Алматы" ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімі мүліктік қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы, Астана қаласы ІІД "Алматы" АІІБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары, Астана қаласы ІІД "Алматы" ауданы ІІБ тергеу бөлімінің бастығы, Астана қаласы Ішкі істер департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары, Астана қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, Астана қаласы ІІД "Сарыарқа" ауданы полиция басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

2019 жылдың маусымынан бастап 2022 жылдың мамыр айына дейін Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2022 жылдың мамыр айынан қазірге дейін бастап ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы болды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: