Тоқаев еліміздің Вьетнам компанияларына қажетті жағдай жасауға дайын екенін жеткізді

Сурет: akorda.kz
2023 жылы 22 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нгуен Тхань Хунгке ілтипат білдіре отырып, өзінің биыл тамыз айында Вьетнамға жасаған ресми сапарын еске салды. Сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге және өзара тиімді кооперацияның жаңа бағыттарын ашуға тың серпін берді, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Президент SOVICO Group компаниясының инвестициялық қызметіне қажетті жағдай жасауға еліміздің дайын екенін жеткізді.


"Сіздің Қазақстандағы іскерлік белсенділігіңізді құптаймыз. Өзара ынтымақтастық орнататын салаларды айқындай алатынымызға сенімдімін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған шаралар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы іскерлік байланысты жандандыруға ықпал етеді.

Кездесу барысында ықпалдастықтың перспективті бағыттары, соның ішінде көлік-логистика, қаржы және тау-кен салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады