Ғылым және жоғары білім министрлігінде жаңа аппарат басшысы тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Мадияр Қожахмет ведомство аппаратының басшысы болып тағайындалды.

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Мадияр Қожахмет 1984 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Чехия жаратылыстану ғылымдары университетін бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы "Қазақстан жастар конгресі" ЗТБ-да бастаған.

Чехия Республикасындағы Қазақстан жастар конгресінің бөлім, басқарма бастығы, орынбасары, атқарушы директоры, халықаралық өкілі болған, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты бағыты бойынша жұмыс істеді.

Кейін ҚР Президенті Әкімшілігі бөлімінің инспекторы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

2019-2020 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы, 2020 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы