Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин және АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орта Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу ҚР мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның алтыншы отырысын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігі аталған отырыстың Вашингтонда 2024 жылдың 31 мамырында өткенін нақтылайды.

"Екі елдің мемлекеттік органдары мен ведомстволары өкілдерінің қатысуымен өткен іс-шара барысында тараптар өткен кезеңдегі бірлескен жұмыстың қорытындыларын тамамдап және екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі ағымдағы мәселелер бойынша "сағаттарды теңестіріп", саяси және экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ адами өлшем аспектілеріне ерекше назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамыту және тереңдету жөніндегі алдағы кезеңге деген жоспарларды айқындады". ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қатысушылар ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің АҚШ-қа сапарының және Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкенмен кездесуінің қорытындыларын талқылады.

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

"Ахан Рахметуллин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген саяси және демократиялық қайта құрулардың екіжақты күн тәртібінің негізгі мәселелерімен сәйкес келуін, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың негізгі элементтерінің бірі болып табылатын инфрақұрылымдық жобалар мен көлік бағыттарын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Келіссөздер барысында тараптар энергетика және маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты талқылады". ҚР СІМ баспасөз қызметі

Америкалық тарап, өз кезегінде, өткен жылдың қыркүйегінде өткен "С5+1" мемлекет басшылары саммитінің қорытындысы бойынша іске қосылған жобаларға ерекше назар аудара отырып, екіжақты серіктестіктің тұрақты ілгерілеуін жоғары бағалады.

"Комиссия отырысының қорытындысында тараптар өзара тиімді негізде қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыруға дайындығын растады.Тараптар Қазақстан-Америка арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссиясының кезекті отырысын 2025 жылы Астана қаласында өткізуге уағдаласты". ҚР СІМ баспасөз қызметі


Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстандық делегацияның сапары аясында АҚШ Әкімшілігінде, Мемлекеттік департамент басшылығымен, Сауда өкілінің Кеңсесімен және АҚШ-тың басқа да мүдделі ведомстволарымен жеке кездесулер өтті. Сонымен қатар, америкалық азаматтық қоғам өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оның барысында қазақстандық тарап елдегі адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ұлттық заңнамадағы жаңа еңгізілімдер туралы хабардар етті.

Қазақстан АҚШ
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: