ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары Алматыда кездесті: жиында қандай мәселелер талқыланды

Сурет: akorda.kz
Алматыда 2024 жылғы 6 маусымда қазақстандық тараптың төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Президентінің сайтында хабарланғандай, іс-шараға қатысушылар ҰҚШҰ жауапкершілік аймағындағы жағдай бойынша пікір алмасты.

Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов әріптестеріне ҰҚШҰ қызметінің өзекті бағыттары бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы айтып берді.

"Халықаралық терроризм, киберқылмыс, есірткі мен қарудың заңсыз айналымы, ұйымдасқан трансұлттық қылмыс сияқты өзекті сын – қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимылдың практикалық шараларына ерекше назар аударылды", - делінген хабарламада.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің "тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының нысаналы мемлекетаралық бағдарламасы туралы" шешімінің жобасын мақұлдады.

Іс-шараға қатысушылар ҰҚШҰ шеңберінде өзара іс-қимылды дамытуға және ұйымды одан әрі нығайтуға бағытталғанын растады.

Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің кезекті отырысы Астанада 2024 жылғы қарашада, ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясы қарсаңында өтеді.

31 мамырда Алматыда ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кездесті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды