Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде қол қойылған құжаттардың тізімі жарияланды

Сурет: akorda.kz
Ақорда 2024 жылғы 6 қарашада Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің қорытындысы бойынша қол қойылған құжаттардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммиті аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

  1. Түркі мемлекеттері ұйымы XI саммитінің декларациясы;
  2. "Түркі әлемінің жасыл дамуы: орнықты келешектің бірлігі" туралы шешім;
  3. Бішкек қаласын 2025 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық астанасы деп жариялау туралы шешім;
  4. Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанды "Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен" марапаттау туралы шешім;
  5. Түркі әлемінің хартиясын қабылдау туралы шешім;
  6. Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасарларын тағайындау туралы шешім;
  7. "Түркі мемлекеттері ұйымының Тұрақты өкілдері жөніндегі ереже" туралы шешім;
  8. Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының тулары жөніндегі шешім.

Бұған дейін Тоқаевтың Бішкекте өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне қатысқаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Бейнекамералар мен жол қауіпсіздігі: ІІМ ұсынуынан кейін қандай шаралар қабылданды

Шымкент – "Кітап оқитын ұлт" жобасына алғашқы болып қосылған өңірлердің бірі

ШҚО-да махаббаттан басталған оқиға сотпен аяқталды