Бір мандатқа үш үміткер: мәслихат депутаттығына 10 мыңнан астам кандидат бақ сынайды

Референдум, выборы, избирательный бюллетень, бюллетень, бюллетени, избирательная урна, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2026 13:10 Фото: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 2026 жылғы 2 қарашада өткен брифингте мәслихат депутаттарын сайлау аясында үгіт-насихат науқаны басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, еліміздің 20 өңіріндегі әртүрлі деңгейдегі мәслихаттарға партиялар 99 партиялық тізім ұсынған. Олардың құрамында 1 219 адам бар.

"Партиялық тізімдердегі әйелдер мен жастардың жалпы үлесі – 43,2%. Әртүрлі деңгейдегі мәслихаттарға арналған 3 113 бірмандатты округ бойынша 9 752 кандидат тіркелді. Барлығы 10 971 кандидат тіркелген. Бір мандатқа үш адамнан келеді. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, сайлау комиссияларының интернет-ресурстарына орналастырылады", – деп толықтырды ол.

ОСК төрағасы бұған дейін сайлау науқанының келесі кезеңі – кандидаттар мен саяси партияларға өздерінің сайлауалды бағдарламаларын сайлаушыларға таныстыруға мүмкіндік беретін үгіт-насихат жұмыстары басталғанын еске салды.

"Сайлауалды үгіт кезеңінде сайлау заңнамасының талаптарын сақтау, барлық кандидаттар мен саяси партияларға тең жағдай жасау, сондай-ақ сайлау науқанының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету маңызды. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау науқанын өткізуге байланысты шығыстарының бірыңғай мөлшерін белгіледі. Бұл шешім сайлауалды үгіт жүргізу кезінде барлық кандидатқа тең қаржылық мүмкіндік беруге бағытталған", – деп түйіндеді Нұрлан Әбдіров.

2026 жылғы 14 қазанда Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәслихат депутаттарының алдағы сайлауын қаржыландыру мәселесіне қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: