Қазақстан елшіліктері 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатады

Фото: gov4c.kz
2025 жылдан бастап Қазақстанның Ресейдегі елшілігі шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатты. Ведомство сайтында бұл шешімнің уақытша екені айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Ресейдегі және Беларусьтегі елшіліктерінің сайттарында бұл уақытша шешім және "Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы шетел азаматтары үшін жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру" пилоттық жобасының мерзімінің аяқталуына байланысты екені айтылған. Бұған дейін оны 2025 жылдың соңына дейін ұзарту ұсынылған болатын.

Мәлімдемеде елшілік сайтында қосымша ақпарат жарияланатыны айтылған.

Пилоттық жобаны жүзеге асыру барысында әртүрлі елдердегі Қазақстан Республикасының 95 елшілігінде ЖСН берілді.

Бұған дейін, 2024 жылдың 30 желтоқсанында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы қаңтар айындағы ҰБТ қатысушыларына қатысты маңызды ақпаратты таратқан болатын.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін