Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Сурет: akorda.kz
ҚМА басшысы Тоқаевқа Қазақстан, Беларусь және Ресей қаржылық барлау қызметтерінің арнайы операциясы туралы баяндады.

Ақорданың баспасөз қызметі берген мәліметке сай, президентке ведомствоның 2024 жылы атқарған жұмысының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде мәлімет берілді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Мемлекет басшысына 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспардың іс-шараларын жүзеге асыру көлеңкелі экономика деңгейін 1,3 пайызға төмендетуге мүмкіндік бергенін баяндады.

Атап айтқанда, Агенттік 1312 қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтап, нәтижесінде 236,8 миллиард теңгенің залалын өтеді. Қылмыстық жолмен табылған 152,3 миллиард теңге кіріс тәркіленді.

Сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 20 және трансұлттық топпен байланысты 1 сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. 42 қаржы пирамидасы жойылып, алаяқтық схемаларды жарнамалайтын 15 мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталды, мессенджерлердегі 327 чат жабылды. Осылайша 2 миллионнан астам азаматтың қаржылай шығынға ұшырауына жол берілмеді.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желілердегі 41 онлайн құмар ойын алаңы, астыртын жұмыс істейтін 30 ойын залы, казино мен букмекерлік кеңсе әшкереленді. 11,7 мыңнан астам онлайн-казино сайтына кіруге тосқауыл қойылды.

Агенттік қызметкерлері 120 миллиард теңге көлеміндегі негізсіз бюджет шығындарының алдын алып, заңсыз крипто алмастырушы арқылы қылмыстық кірістерді заңдастыруға ниеттенген 36 әрекеттің жолын кесті.

Президентке Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттерінің қаржы барлаушылары бірлесе жүргізген арнайы операцияның қорытындысы туралы есеп берілді. Оның нәтижесінде үш ауқымды "наркошоп" жабылып, 35 наркодилер ұсталған. Жалған қаржылық операциялар мен мәмілелер жасаған 1787 заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған, сондай-ақ террористік және экстремистік ұйымдардың шоттарына қаражат аударуға 1,2 мың әрекет анықталып, бұғатталған.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды