Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Ильхам Әлиев пен Әзірбайжан халқы Қазақстанға алғыс айтты

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесу өткізді.

Президент мейманға ілтипат білдіре отырып, сан қырлы мемлекетаралық байланысты одан әрі нығайту тұрғысынан бұл кездесудің маңызын атап өтті.

"Сіздің сапарыңыздың бауырлас Әзербайжан елімен ынтымақтастығымызды одан әрі ілгерілету тұрғысынан мәні зор. Біз үшін Әзербайжанмен қарым-қатынас ерекше маңызға ие. Біз Сіздің еліңізді сенімді стратегиялық серіктес және одақтас ретінде қарастырамыз", – деді Президент.

Өз кезегінде Әзербайжанның Сыртқы істер министрі дәстүрлі түрде қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.

Джейхун Байрамов орайлы сәтті пайдалана отырып, әзербайжандық әуе желісіне тиесілі ұшақтың Ақтаудағы апаты кезінде жедел көмек көрсеткені үшін Қазақстан тарапына Президент Ильхам Әлиев пен Әзербайжан халқының атынан алғыс айтты.

Кездесуде ауқымды стратегиялық жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық байланыс пен суасты электр желісін тарту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар сауда, инвестиция, цифрландыру, көлік-транзит салаларындағы өзара ықпалдастықты одан әрі жандандыру перспективасы қарастырылды.

Әзірбайжан
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды