Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 5 шілдеде Алжир президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, делінген Ақорда хабарламасында.

Президент Алжир мемлекетінің өсіп-өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген серіктестік екі ел халықтарының игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күніне орай мәлімдеме жасаған болатын. Айта кетейік, ұлттық домбыра күні шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.

Қазақстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді