Әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов аз-кем әңгімелесті

Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 4 тамызда Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысу үшін Түрікменстанға келіп жетті. Әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов аз-кем әңгімелесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түрікменстан ынтымақтастығы өркендеп, қарқын ала түскенін атап өтті.

"Құрметті Гурбангулы Мяликгулыевич, Сізбен қасиетті түрікмен жерінде, бауырлас Түрікменстанда қайта жүздескеніме қуаныштымын. Шақыруыңызды шын ниетпен қабыл алдым. БҰҰ Бас хатшысының қатысуымен осындай форум өткізу – үлкен жетістік. Бұл 30 жылдан бері бейтарап саясат ұстанып келе жатқан Түрікменстанның халықаралық абырой-беделі жоғары екенін көрсетеді. Қазақстан аталған саясатты толығымен қолдайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Халк Маслахатының төрағасы қазақ-түрікмен байланысының ерекше сипатына жоғары баға берді.

Мемлекет басшысы мен Халк Маслахатының төрағасы екі ел халқы достық пен тату көршілік қатынасты одан әрі нығайтуға ерекше мән беретінін айтты.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға келіп жеткені хабарланған.

Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев
Бердімұхамедов Құрбанқұлы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды