Қазақстан Президенті қараша айында Мәскеуге мемлекеттік сапармен барады

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы қараша айында Мәскеуге мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы 8 тамызда Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Zakon.kz сайтына хабарлады.

Алдағы сапар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин арасындағы бүгінгі телефон арқылы сөйлесуде талқыланды. Әңгіме ресейлік тараптың бастамасымен өтті.

"Қазақстан Президенті осы жылғы қараша айында өтетін Мәскеуге мемлекеттік сапарға айрықша мән беретінін атап өтті. Сапардың басты мақсаты – стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухындағы жан-жақты ынтымақтастықты тереңдету", – деді Руслан Желдібай.

Оның айтуынша, әңгіме достық әрі сенімді сипатта өткен.

"Негізгі назар Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесіне аударылды. Владимир Путин АҚШ Президенті Дональд Трамптың арнайы өкілімен өткізген келіссөздердің қорытындысы туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев қол жеткізілген алдын ала уағдаластықтарды құптады және Қазақстанның бастапқыдан-ақ әскери іс-қимылдарды тоқтату үшін бейбіт формуланы іздеуді жақтап келгенін атап өтті", – деп қосты Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескені хабарланған болатын.

Ресей
Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады