Ресейліктер АҚШ визасына құжаттарды тек Астана мен Варшавада тапсыра алады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
6 қыркүйектен бастап Ресей азаматтары АҚШ-тың көші-қонға жатпайтын визаларына өтінішті тек Астана немесе Варшава қалаларында ғана тапсыра алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтында жарияланған хабарламада айтылған. Жаңа ережелерге сәйкес, өтініш берушілер АҚШ дипломатиялық өкілдіктеріне тек өз елінде немесе тұрақты тұратын мемлекетінде ғана құжат тапсыра алады.

Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде, АҚШ елшіліктері мен консулдықтары виза бермейтін елдердің азаматтары құжаттарын тек белгілі бір қалаларда ғана тапсыра алатыны көрсетілген. Әрбір елге бір немесе екі қала бекітілген, арнайы тізім жарияланды.

Барлығы тізімге 17 ел енгізілген, олардың азаматтары виза алу үшін белгілі бір қалаларға баруға мәжбүр болады.

Атап айтқанда:

Көші-қонға жатпайтын визаларға туристік (B-2), іскерлік (B-1), журналистік (I) және тағы басқа бірқатар санаттар кіреді. Бұл шектеулер A, G, C-2, C-3, НАТО визалары мен дипломатиялық немесе ресми типтегі визаларға қатысты емес.

Сонымен қатар басқа елшіліктерде виза ерекше жағдайларда ғана берілуі мүмкін. Мысалы, төтенше гуманитарлық, медициналық немесе саяси себептер бойынша.

Сондай-ақ, Қазақстанның шетелдіктерге студенттік виза алу ережелерін қатаңдатқысы келетіні белгілі болды.

Ресей
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді