Президент: Өзгенің өмірін сақтау үшін өз басын қатерге тігу – нағыз ерлік

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушылардың кәсіби мерекесіне орай азаматтық қорғау саласы қызметкерлеріне алғыс айтып, олардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегін жоғары бағалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өмірін сақтап қалу – үлкен ерлік пен жанқиярлықты талап етеді.

"Өзгенің өмірін сақтау үшін өз басын қатерге тігу – нағыз ерлік. Қиындыққа тап болған жандар ең алдымен құтқарушылардан көмек күтеді. Бүгінде азаматтық қорғау саласының қызметкерлері өз міндетін мінсіз атқарып келеді. Олар сын сағатта жанқиярлық көрсетуге әрдайым дайын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы соңғы 30 жыл ішінде қызмет барысында 72 құтқарушы ерлікпен қаза тапқанын атап өтіп, олардың есімдері ел жадында мәңгі сақталуы тиіс екенін жеткізді.

"Олар отаншылдық пен антқа адалдықтың үлгісін көрсетті. Сондықтан өмірін адам құтқаруға арнаған ерлердің есімдерін ұлықтау – баршамыздың ортақ борышымыз. Халқымыз ‘Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер’ деп бекер айтпаған. Қайсар рухты құтқарушыларымыз Әділетті әрі Қауіпсіз Қазақстанды құруға зор үлес қосып отыр", – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық қорғау жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасатынын және құтқарушыларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты. Оның сөзінше, азаматтардың өмірі мен әл-ауқаты осы саладағы тұрақты және кәсіби жұмыспен тығыз байланысты.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі