Президент: Тараптар стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растады

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы келіссөздер барысында өңірлік және жаһандық күн тәртібіне қатысты пікір алмасқанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылы 12 қарашада Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан мен Ресей көпжақты алаңдарда белсенді әрі табысты ықпалдастық орнатқан. Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы және басқа да көпжақты құрылымдар аясында іс-қимылымызды одан әрі үйлестіруге дайын екенімізді растадық", - деді Мемлекет басшысы БАҚ алдындағы бірлескен мәлімдеме кезінде.

Ол Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының әлеуеті зор екенін баса атап өтті.

"Бірлескен жұмыстың шет-шегі жоқ. Елдеріміз барлық салада нәтижелі ынтымақтастық орнатты. Қазақстан мен Ресей арасында шешімін таппайтын түйткіл жоқ. Бұл тараптардың жауапкершілігі мен бірлесе жұмыс істеуге құлшынысы жоғары екенін көрсетеді. Мазмұнды келіссөз жүргізіп, қонақжайлық танытқаны үшін құрметті Владимир Владимирович Путинге тағы да алғыс айтамын. Тату көршілік қатынастарымыз болашақта да стратегиялық серіктестік пен одақтастық мұратына жетелей береді деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың 20 жылдығы – маңызды меже екенін баса атап өткен.


Ресей
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты