Қазақстан Мароккомен қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімді ратификациялады

Сурет: Zakon.kz
2025 жылы 13 қарашада Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.

Айта кетсек, аталған келісімдерді ратификациялау Қазақстан немесе Марокко аумағында сот төрелігінен жасырынған адамдарды жауапкершілікке тартуды қамтамасыз етуге, екі ел азаматтарының құқықтарын қорғау кепілдіктерін нығайтуға, қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы шарттық-құқықтық базаны толықтыруға, сондай-ақ, қылмысқа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Құжаттардың негізгі мақсаттарының бірі Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігінің құзыретті органдары арасындағы қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе сот үкімін орындау үшін Тараптардың аумақтарында анықталған адамдарды экстрадициялау мәселелері бойынша қатынастарды реттеуге бағытталған.

"Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы" заңның нормаларына сәйкес, сотталған адамда Үкім шығарушы мемлекеттің азаматтығы болса, сондай-ақ Тараптардың бірінің заңнамасына сәйкес үкімнің күші жойылса, онда сотталған адамды беруден бас тартылады.

Бұдан бөлек, келісімде рақымшылық немесе кешірім жасау актісін қолдануға қатысты нормалар регламенттелген және үшінші тарап берген сотталған адамның өз аумағы арқылы транзит мәселелері қарастырылған. Осы орайда "Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы" заңда уағдаласушы мемлекеттердің өз азаматтарын ұстап беруі көзделмегенін атап өткен жөн.

Бұған дейін ертең, 2025 жылғы 14 қарашада Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев егіншілік саласының қызметкерлерінің екінші форумына қатысатыны хабарланған. Форум барысында аграрлық секторды дамыту мәселелері қарастырылады.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды

Алматыда жедел жәрдем көлігі мен электрлі велосипед соқтығысып, бір адам қаза тапты