Мемлекет басшысы 2030 жылға дейін Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамасын бекітті

Фото: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2030 жылға дейін Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамасын – "Бірлігіміз – әралуандықта" – бекіту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 29 желтоқсанда Ақорда баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесінде бұл туралы айтылды.

"Тұжырымдама Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі дамытуды көздейді. Құжатта қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында елді ұйыстыруға бағытталған жаңа қағидаттар мен тәсілдер қарастырылған", – делінген хабарламада.

Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы 1 наурызда құрылды. ҚХА – Президенттің жанындағы консультативтік-кеңестік орган, этностар арасындағы келісімді нығайту, этникалық қауымдастықтар арасындағы диалогты дамыту және елдегі бейбітшілікті сақтау мақсатында жұмыс істейді.

Айта кетейік, 26 желтоқсанда Тоқаев тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелері бойынша түзетулерге қол қойған болатын.

Қазақстан
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астрологтар 7 қарашада қаржы жағынан жолы болатын үш жұлдыз белгісін атады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

Денсаулық сақтау министрлігі аттестациядан өте алмаған бас дәрігерлерді атады

Таразда бокстан ел чемпионатында кімдер топ жарды

300 қойды екі жүк көлігімен Түркістанға алып кетпек болғандар ұсталды