Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтты қабылдады

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы елшісі Джули Стаффтты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қазақстан мен Американың жоғары деңгейдегі қарқынды саяси диалогы екіжақты және көпжақты форматтағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізіп келе жатқанына тоқталды, делінген 2026 жылғы 27 ақпандағы Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция салаларындағы маңызды уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Нақты нәтижеге қол жеткізу үшін екі елдің салалық ведомстволары деңгейінде тығыз қарым-қатынасты жалғастыру қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джули Стаффт Бейбітшілік кеңесі аясындағы ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

АҚШ елшісі аталған ұйымның ізгі мақсатын ілгерілетуге белсене атсалысқаны үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 27 ақпанда Сербия президенті Александр Вучичпен келіссөздер барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылаған болатын.

Қазақстан
АҚШ
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды