Мемлекет басшысы: Қазақстан Сербияның ЭКСПО-2027 көрмесін табысты өткізуін қолдайды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 27 ақпанда Сербия Президенті Александр Вучичпен келіссөздер барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2026 16:47 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 27 ақпанда Сербия Президенті Александр Вучичпен келіссөздер барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның 2027 жылы Белградта өтетін "EXPO 2027 Belgrade" көрмесіне қатысып, өз тәжірибесін бөлісуге дайын екенін жеткізді.

"Бүгінгі келіссөздер өте табысты өтті. Бірлескен мәлімдеме қабылдадық. Жан-жақты ынтымақтастыққа тың серпін беретін бірқатар маңызды құжатқа қол қойдық. Осы келісімдердің нәтижесінде екі елдің қарым-қатынасы одан әрі нығайып, серіктестігіміз жаңа деңгейге көтерілетіні сөзсіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, тараптар халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасты.

"Жаһандық геосаяси ахуалдың ушығуына, қақтығыстардың көбеюіне бәріміз алаңдаймыз. Әлемдегі көптеген түйткілге қатысты мемлекеттеріміздің ұстанымы ұқсас. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының және халықаралық құқық нормаларының талаптары қатаң сақталуы тиіс. Кез келген жанжалды келісім арқылы дипломатиялық жолмен шешу қажет деп санаймыз. Біз болашақта да халықаралық деңгейде күш біріктіріп, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге белсене атсалысамыз, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға, ортақ мақсаттарға бірлесіп қол жеткізуге дайын екенін атап өтті:

"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей, бірлесіп әрекет етсек, ортақ мақсаттарға жетеміз деп сенемін. Қазақстан мен Сербия арасындағы әріптестік тек экономикалық және ғылыми-техникалық салалармен шектелмей, мәдени-гуманитарлық, білім беру және халықаралық ынтымақтастықты да қамтиды, – деді Мемлекет басшысы.

Осы сапардың нәтижесінде екі елдің стратегиялық серіктестік байланыстары жаңа серпін алып, халықаралық аренада ортақ мүдделерді іске асыруға мүмкіндіктері кеңеймек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: