Вучич арнайы жасақ қызметкерлерін даярлау тәжірибесін Сербияға енгізуді ұсынды

Сербия Президенті Александр Вучич 27 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде еліміздің экономикасының дамып келе жатқанын және көпвекторлы сыртқы саясаттың табысты жүргізіліп отырғанын атап өтті., сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2026 16:50 Сурет: akorda.kz
Сербия Президенті Александр Вучич 27 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде еліміздің экономикасының дамып келе жатқанын және көпвекторлы сыртқы саясаттың табысты жүргізіліп отырғанын атап өтті.

Сербия президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен қазақ халқы жаңа жетістіктерге жететініне кәміл сенетінін жеткізді. 

Сербияның сіздерден үйренері көп. Сізді және Қазақстан халқын үлгі тұтатынымды айтуға еш ұялмаймын. Елдеріміз арасындағы шынайы достық келешектегі қарым-қатынасымызға негіз болады. Біз бұл байланыстарды экономика, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технология, жасанды интеллект, роботты техника және білім беру сияқты салаларда дамыта аламыз, – деді Александр Вучич.

Сондай-ақ Сербия Президенті қазақ және серб командалары қатысқан UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысын қызыға тамашалағанын айтып, Қазақстанның арнайы бөлімшелер қызметкерлерін даярлау тәжірибесін бөлісуге шақырды.


– Қазақстан бұл бағытта әлемде үздік екенін көрсетті. Біздің құрама кейбір жарыс түрлері бойынша жақсы өнер көрсетті, ал қазақ жігіттері мен қыздары бірде-бір сайыста сүрінген жоқ. Арнайы жасақ қызметкерлеріңіз ең жоғары деңгейде. Олар біздің сарбаздарды жаттықтырса тамаша болар еді. Сіздерді қауіпсіздік саласындағы керемет жетістіктеріңізбен тағы да құттықтаймын, – деді Вучич.

Осылайша, екі ел арасындағы ынтымақтастық тек экономика мен инвестицияға ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік, әскери даярлық және кәсіби тәжірибе алмасу салаларына да кеңейіп келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: