Осы негіздегі Жарлық мәтінін 2026 жылы 24 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі жариялады:
"Мемлекет басшысының өкімімен Алмас Серікұлы Исаков Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды".
Алмас Исаков 1985 жылы 25 мамырда дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті мен Ұлыбританиядағы Экзетер университетін бітірген (University of Exeter), "Болашақ" Президенттік бағдарламасының стипендиаты.
Еңбек жолын 2009 жылы Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті маманының м.а. қызметінен бастаған.
- 2010 - 2012 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің бас маманы болып жұмыс істеген.
- 2012-2014 жылдар аралығында - ҚР Қаржы министрлігі мен Экономикалық даму және бюджеттік жоспарлау министрлігінде сарапшы және бас сарапшы лауазымдарын атқарған.
- 2015 жылдан 2019 жылға дейін салық және кеден саясаты Департаменті салық саясаты басқармасының басшысы, кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау Департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
- 2019 жылы Ақпараттық-талдау орталығының жедел талдау секторының меңгерушісі және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің жобалық басқару орталығының бас инспекторы лауазымдарын атқарған.
- 2019 - 2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің стратегия департаментінің директоры ретінде еңбек еткен.
- 2021 жылғы ақпаннан 2023 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің қаржы нарықтары секторының меңгерушісі.
- 2023-2023 жылдары - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппаратының басшысы;
- 2025 жылдың желтоқсанынан бастап ҚР Президенті Іс басқармасы аппаратының басшысы болып қызмет атқарған.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл білдірген болатын.