Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Еңбек күнімен құттықтады

Сурет: akorda.kz
27 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарым-қабілетімен, ақыл-парасатымен және қажырлы еңбегімен қастерлі Отанымыздың өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып жүрген түрлі мамандық иелерін құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент өз ісін жетік меңгерген кәсіби маман болу – қазіргі заманның аса маңызды талабы екенін баса атап өтті. Білікті, жауапкершілігі жоғары, еңбекқор және тәртіпті азаматтардың арқасында көптеген елдер, соның ішінде Қазақстан да әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан мол табысқа жетуде.

"Әлем халықтарына ортақ "Еңбек – бәрін жеңбек" нақыл сөзінің мәні зор, мағынасы терең. Табанды еңбек – жетістікке жетудің көзі. Адал ниетпен атқарылған әрбір іс – қадірлі, кез келген еңбек – зор құрметке лайық. Бүгінгі таңда Қазақстан жаңа тарихи кезеңге қадам басты. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Конституциямыз және онда айқын көрініс тапқан Әділетті Қазақстан, заңға бағыну, бірлік пен ынтымақ, еңбекқорлық пен ілгерілеу, табиғатқа қамқорлықпен қарау идеялары – еліміздің тұрақты дамуына жол ашатын темірқазық. Қазір қоғамымызда "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" атты жаңа этика қалыптасты", - деді Мемлекет басшысы.

Президент былтыр Жұмысшы мамандықтар жылын атап өткенімізді де еске салды. Бұл бастама еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттырып, тәлімгерлік дәстүрі мен еңбек әулеттерінің мән-маңызын нығайта түсуге тың серпін берді.

"Мемлекет алдағы уақытта да азаматтарымыздың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасай береді. Жастарға кәсіби білім беру, олардың еңбек дағдыларын ұштау, сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойына аға буынның бай өмірлік тәжірибесі мен тағылымын сіңіру – аса маңызды міндет. Жастары жасампаз елдің болашағы да жарқын, дамуы да қарқынды болары айқын. Біз ынтымағы жарасқан, мақсат-мүддесі ортақ біртұтас ұлт ретінде әділдік, табиғатты аялау, заң үстемдігі, өркендеу құндылықтары және, ең бастысы, еңбекқорлық қасиеті іс жүзінде орныққан ел боламыз. Мен бұған кәміл сенемін. Құрметті отандастар, баршаңызға мықты денсаулық, амандық және толағай табыс тілеймін! Еліміз өсіп-өркендей берсін!", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен достықты нығайту Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды мақсаттардың бірі екенін баса атап өткен.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады

Найзағай, жаңбыр мен -2 градус үсік: Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Алматы әуежайындағы оқиғадан кейін 10 тәулікке қамауға алынды