Тоқаев Қытаймен достықты нығайту Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды мақсаттардың бірі екенін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қытаймен мәңгі достық байланыстарын нығайтуға баса мән беретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2026 13:50 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қытаймен мәңгі достық байланыстарын нығайтуға баса мән беретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы бұл бағыт еліміздің сыртқы саясатындағы ең маңызды мақсаттардың бірі екенін атап өтті.

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ. Қос халық өзара сыйластық пен қолдау аясында көп жыл бойы бірге өмір сүрген. Ал қазіргі тұрақсыз, бұлдыр заманда Қазақстан мен Қытай сенімді серіктестер ретінде қоян-қолтық бірге әрекет етіп, сан алуан сын-қатерлерге тойтарыс беруі керек. Қытай тілінде мынадай мағыналы мақал бар: 人心齐,泰山移, яғни: "Біз бәріміз біртұтас болсақ, биік Тайшань тауын да орнынан қозғай аламыз". Қазақстан мен Қытай – екі дос, көршілес ел болып, әрбір істі ойдағыдай жүзеге асырады деп сенемін, – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: