Қазақстан домбырашылары Голливудты бағындырды

Сурет: Temirlan & Yernat дуэтінің жеке архивінен
Temirlan&Yernat домбырашылар дуэті – Темірлан Олжабай мен Наурыз Ернат АҚШ-та өткен байқауда Гран-при алды. Музыканттар Голливудтағы халықаралық байқауда аспаптық музыка номинациясы бойынша қазылар алқасын таңдандырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл Голливудтағы жаһандық шығармашылық байқау онлайн режимде өтті.

Гран-при иегерлері Темірлан мен Ернат Испаниядағы кезекті жарыста жеңіске жеткеннен кейін байқауға шақырту алған. Ал бұл жолғы байқаудағы бәсекелестік деңгейі жоғары болды. Оған 36 елдің музыканттары қатысты.

Байқау екі кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде музыканттар «Каприз 24» композициясын ұсынса, екінші кезеңде Майкл Джексонның «They Don’t Care About Us» әнін домбырамен интерпретациялады.

Қазылар алқасын музыканттардың орындаушылық шеберлігі ғана емес, бейнебаянның реттілігі де тәнті етті. Музыканттар «They Don’t Care About Us» әніне бейнебаянды Алматыда түсіргенін айтты. Домбырашылар қалаға тән емес жерлерді тауып, Украинадағы қирау кезіндегі кадрларды енгізген.

Енді қазақстандықтар жақын арада Голливудтағы гала-концертте жеңімпаз ретінде өнер көрсетеді.

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Жасанды интеллектке сенген қытайлық фермер 10 гектар жердегі егінін жойып алды

Басып озамын деп басына қауіп төндірді: Ақтөбеде 11 жүргізуші жауапқа тартылды

Магистратура грантына кімдер таласа алады