"Ер шекіспей, бекіспейді": Төреғали Көлсайдағы гидпен мәмілеге келді

Сурет: toregalitoreali
Әнші Төреғали Төреәлі 28 қыркүйекте Алматы облысы, Кеген ауданындағы Ұлттық саябақтың аумағында бір жігітті ұрды деген ақпарат тараған. Кейіннен Алматы облыстық полиция департаменті әнші уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 қыркүйекте Алматы облысы, Кеген ауданындағы Ұлттық саябақтың аумағында болған бұзақылық фактісі Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде қылмыстық іс ретінде тіркелді.

Ал бүгін Төреғали Төреәлі Бекарыс бауырымен бір мәмілеге келгенін жазды. Әнші Instagram-дағы парақшасында халық таза пейілімен сахнадан көрген адамын періштедей пәк санайтынын айтты.

Адамзаттың тарихы тыйым еткен жемісті жеймін деп қателесіп, артынша бірден тәубесіне келген Адам атаның тарихынан басталмай ма? Біз де сол ашуланса да, шаттанса да, соңы немен бітерін болжай алмайтын, пайда, зиянды өлшей алмай қалатын пенденің біріміз. Сахнадан көрген адамын періштедей пәк санайтын қазақ халқының таза пейілі ғой. Ал сол сахнадағы адамның пенделік кем-кетігін көрсе, қалған көңілі қатқан мұздай болатыны да баладай аңғалдығы емес пе?Төреғали Төреәлі

Әнші Бекарыс атты жігітпен бірге түскен фотосын жариялап, екеуінің татуласқанын хабарлады. Сонымен қатар ол көрерменге алғысын да жеткізді.

"Ер шекіспей, бекіспейді" деп Бекарыс бауырымызбен мәмілеге келдік. Қарапайым адамға да, өнер адамына да ортақ республикамыздың заңымен құзырлы органдардың тексерісінен өтіп, ресми бітімге келдік. Сүрінгенде сүйеу болған, түңілгенде тіреу болған алаш жұртына көп рақмет, - деді әнші.
Шоу-бизнес
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Қазақстанда БҰҰ өңірлік орталығы ашылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды