Жігер Ауыпбаев халық артисінің жазылып кетуін тілеп, оған жылы сөздерін арнады.
"Нұрғиса Тілендиев пен Шәмші Қалдаяқовтай аңыз тұлғалардың көзін көріп творчестволық байланыс жасаған қазақ шоу бизнесінің мэрі Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз сырқаттанып ауыруханада жатыр екен… Алла шипа берсін Нұр аға! Жазылып кетіңіз! Сіздің сахнаға шыққаныңызды қаншама халқыңыз күтіп отыр, Қаншама өнердегі іні,қарындастарыңыз саулығыңызды тілеп жазылып шыққаныңызды күтіп отыр?! Ауырмаңыз! 100 жасаңыз! Сіз қазаққа керексіз!" - деп жазды Жігер әлеуметтік желідегі парақшасына.
Сонымен қатар әнші өз оқырманынан халық артисіне жылы сөзін аямауды, посттың астына тілек жазып кетуді сұрады
Нұрғиса Тілендиевтің Instagram-дағы ресми парақшасы 19 қыркүйектен бері жаңармапты.