Тик-токтағы видео: Мақпалша майысып, Төлендиев құсап ақырған жігіт блогер емес, актер болып шықты

Сурет: видеодан алынды
Тик-токта 70 мыңға жуық қаралым жинаған "Синий трактор" әнін орындаған жігіт бір мезетте Қайрат Нұртастың, Қуандық Рахымның, Төреғали Төреәлінің, Мақпал Жүнісованың, Нұржан Төлендиевтің дауысын салады. Ол жігіт, ел ойлағандай, блогер емес кәсіби актер болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шакензо деген лақап атымен танымал Шыныбек Рахмаш өзін көп адам блогер деп шатастыратынын жасырмайды. Ал ақиқатында ол бүгіндері Әзербайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының актері екен. Оның көркемдік жетекшісі - Тұрсынбек Қабатов. 

"Актер шеберлігін 8 жыл оқыдым. 2012 жылы Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университеті - "Шабытқа" оқуға түстім. 2008-2011 жылдары Атыраудағы дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі Нұрғиса Тілендиев атындағы кіші өнер академиясында оқыдым. Сол жерде актер шеберлігі бойынша оқыдым. Кейін білімімді шыңдайын деп Астанаға Бауыржан Ибрагимовтың шеберханасына түстім...", - дейді Шыныбек Рахмаш massaget.kz-ке берген сұқбатында.

Ол алғаш салған пародияларын отандық телеарналарға жібергенін, бірақ кері реакция болмағанын айтады. Есесіне, сол кезде ресейлік MuzzOne.tv  оның Despacito әнін салған. Ол 7-8 миллион қаралым жинаған. Содан бері Шыныбек өзін сұраныстағы актер екенін айтады. Бүгіндері ол театрдан тойға дейінгі аралықта өнер көрсетіп, табыс тауып жүр. 




Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты