Darkhan Juzz-дің денесі 28 ақпанда Алматыға жеткізіледі

Сурет: Instagram/d.juzz
Сыртқы істер министрлігі әнші, музыкант Darkhan Juzz-дің денесі 28 ақпан күні Пхукет-Алматы рейсімен жететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

24 ақпан күні Darkhan Juzz лақап атымен танылған музыкант қайтыс болғаны хабарланған еді. Қаралы хабарды ҚР Сыртқы істер министрлігі нақтылады. Таиланд полициясының мәліметіне сай, Дархан Жүнісбеков 24 ақпанда Пхукет аралында опат болды.

"Отандасымыз Дархан Жүнісбековтің денесі 28 ақпан күні Алматыға Air Astana компаниясының Пхукет-Алматы рейсімен жеткізіледі. Жеткізу шығынын компания өз мойнына алды. Тайландтағы шығындарды отандасымыздың достары төлеген", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұған дейін Дархан Жүнісбековтің продюсері қаржы жинап жатқаны туралы хабар тараған еді. Айбек Смадияровтың айтуынша, жиналған қаражат марқұмның туыстарына беріледі.

Дархан Жүнісбеков 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген. Көпке Darkhan Juzz деген атпен танылған әнші - "Үйде", "Сапар", "Шекер", "Кейіпкер" әндерін шығарып, өзі оны орындайтын. Оның инди-поп жанрындағы әндері ерекше жаңа стиль алып келген еді.




Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін