Мексикалық жұп баласының есімін Головкиннің құрметіне қойған

stan.kz
Мексикада қазақстандық боксшының фанаттары жетерлік.

Әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзімен аттас мексикалық балақаймен суретке түсті. Геннадий есімді ер баланың есімін ата-анасы боксшының құрметіне қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Танысып қойыңыздар, бұл баланың есімі де – Геннадий. Мексикалықтар балаларына біздің чемпионымыз GGG-дің есімін берген сәт”, — деп жазылған Головкиннің “ВКонтакте” желісіндегі ресми тобында.

Айта кетейік, Головкин жекпе-жек кезінде “мексикалық стильді” ұстанатынын бірнеше мәрте айтқан болатын. Мексикада қазақстандық боксшының фанаттары жетерлік.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілі бизнестің, техниканың, ғылымның тіліне айналуда

Алиментті кім және не үшін төлеуі тиіс?

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды